СҚО-да JCI әлемдік стандартына сай алғашқы аурухана салынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында түрік инвесторлары елімізде бұрын болмаған әлемдік стандартқа сай көпбейінді аурухана құрылысын бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда өңір басшысы Құмар Ақсақалов «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейнмен келіссөздер өткізді. СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрік компаниясы «Шығыс» шағынауданында көп салалы аурухананың құрылысын бастамақ.

«Жыл бойы сіздермен келіссөздер жүргізіп келеміз. Бұл аурухана облысқа өте қажет. Тұрғындар сапалы медициналық қызмет алу керек. Медициналық туризмды де дамыта аламыз», - деді өңір басшысы.

Аурухана соңғы үлгідегі технологиямен қамтамасыз етілмек. 540 орынға шақталады. Оннан астам заманауи бөлімшелер ашылады. Медициналық кешеннің жанында тікұшаққа арналған қону алаңы болады. Халықаралық деңгейдегі жиындарды өткізу үшін бөлек ғимарат салынады. Мейманхана мен дәрігерлерге арналған баспана тұрғызылады. Мамандардың айтуынша, бұл Қазақстандағы JCI жүйесі бойынша салынған алғашқы аурухана болмақ.

«Бізде Түркияда және басқа елдерде жобалар көп. Қазақстанда 3 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Бірақ, СҚО сияқты осынша құлшыныс танытып, көмек көрсеткен өңір болған жоқ. СҚО әкіміне барынша қолдау білдіргені үшін алғысымды жеткіземін. Біз өңір дәрігерлерін өзімізде оқытуға әзірміз», - деді Арслан Хусейн.


Соңғы жаңалықтар