СҚО-да «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында кәсіпкерлер сертификат алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында «Іскерлік байланыстар» атты жоба жүзеге асырылып, оқу курстарынан өткен кәсіпкерлер сертификат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу курсына қатысушылардың енді Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері бар. Біліктілікті арттыру курсы 3 аптаға созылды. Алғашқы он күнде-ақ кәсіпкерлер бес бизнес-жаттықтырушымен жұмыс істеді. Ирина Фенске Германиядан арнайы келсе, қалғандары: Айнұр Қалмағанбетова, Әсел Жұмасейітова, Арман Ақбердиев және Бану Бек-Болат – қазақстандық оқытушылар. Олардың әрқайсы бизнесті тиімді жүргізудің қыр-сырымен бөлісті.

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырған шағын және орта бизнес өкілдеріне сертификаттар тапсырып жатырмыз. Бұл жоба «Жол картасы 2020>» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен қолға алынды», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат сқақов.

«Аленушка» тігін салоны» ЖШС-нің директоры Елена Мищенко жобаға қатысушылардың бірі. Кәсіпорын түрлі мемлекеттік сатып алуларға қатысып, мектеп формасын тігеді, спортшылардың және «Киров атындағы зауыттың» тапсырысын орындайды.

«Биыл «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуды шештім. Нәтижесінде өз кәсібімді әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін көптеген жаңа жолдармен таныстым. Оқудан кейін кәсіпорын жұмысын саралап, шығын көлемін азайтып, нәтижелілікті арттырдым. Оқудың ешқашан артықтығы болмайды», - дейді Елена Мищенко.

«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңіне өткендер бір айға Германияға аттанады. Оған ең белсенді, ісі өрге басқан, бизнес жоспары бар кәсіпкерлер таңдалып алынбақ. Бизнес-тағылымдама да қатысушыларға тегін ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар