СҚО-да ішек инфекциясын жұқтырғандар саны артқан

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 4 айда өткір ішек инфекцияларының 258 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Күлпаш Таласбаеваның айтуынша, сырқатты жұқтыру көрсеткіші былтырғыдан 43% көп. Оның айтуынша, аурудың артуы ротавирустық инфекцияның 2 есе өсуімен байланысты. Бұл ауру қыс пен көктемде өршиді.

«Өткір ішек инфекциясы - асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Ереже бойынша, сырқаттанған адамда сұйық нәжіс бөлініп, іші ауырады, жүрегі айниды, құсқысы келіп, дене қызуы көтеріледі. Өткір ішек инфекциясы бактериялар мен вирустардың салдарынан пайда болады», - деді К.Таласбаева.

Ол жыл сайын өткір ішек ауруына балалардың 80%-і шалдығатынын айтты. Көбіне 1-7 жас аралығындағы балалар ауырады.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 2-7 тәулікке дейін жалғасуы мүмкін. Аурудың белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу керек.

Аурудан кейін иммунитет әлсіреп, инфекцияларды қайта жұқтыру қаупі бар. Жеке гигиена ережелерін сақтану қажет. 

Соңғы жаңалықтар