СҚО-да ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Куйбышев ауылдық округінің Надежка ауылында ірі қарадан бруцеллез ауруы табылды. Осыған байланысты аталған елді мекенде шектеу шараларын енгізу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Куйбышев ауылдық округінің Надежка ауылындағы 4 линия көшесіне шектеу шаралары белгіленсін» деп көрсетілген ауылдық округ әкімінің шешімінде.

Құжатты ашық талқылау 1 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, биылғы 8 айда Батыс Қазақстан облысында 3 582 бас ірі қара мен 588 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталған.

Жергілікті атқарушы органның дерегінше, олар союға жіберілген.


Соңғы жаңалықтар