СҚО-да инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың азаюына байланысты стационарларда жатын орындар саны қысқартылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Уәлиханов ауданындағы 10 орынға шақталған инфекциялық стационар жұмысын тоқтатты. Бұдан басқа инфекциялық орындар облыстық көпсалалы балалар ауруханасында 75-ке, облыстық көпсалалы ауруханада 15-ке қысқарды.

Бұған дейін Петропавлдағы жоғары оқу орнының жатақханаларының бірінде ашылған провизорлық стационардың жабылғанын айтқан едік. 300 орынға шақталған емдеу мекемесі облыста коронавирусты инфекция өршігенде, шілденің басында жедел түрде құрылды.

Жағдайдың тұрақталуына байланысты өңірдегі провизорлық стационарларда жатын орындар біртіндеп қысқартылып жатыр. Мәселен: облыстық көпсалалы балалар ауруханасында 30 орынға, дәл сонша қалалық көпсалалы ауруханада, тағы 15-тен Айыртау мен Тимирязев аудандарында және Ақжар ауданында 10 орынға азайды.

Нәтижесінде СҚО-да қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 480 орын, провизорлық орталықтарда барлығы 1235 орын және шекаралас аумақтарда 50 карантиндік орын бар.

Бүгінгі таңда өңірде 200 науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр, провизорлық стационарлардағы сырқаттардың саны – 274.


Соңғы жаңалықтар