СҚО-да инфекциялық стационарлар 10 күн ішінде 36 пайызға толды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны артып келеді. Қазір емдеу мекемелерінде 200-ге жуық адам ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісовтің айтуынша, 1 сәуірде стационарлар 28 %-ға дейін ғана толса, бүгінгі көрсеткіш - 36 %. 194 адам ем алуда. Сырқаттардың басым бөлігінде коронавирус ауыр өтіп жатыр.
«Қазір облыста 9 мыңнан астам вакцина бар. Келесі аптада тағы жеткізіледі.
Сол себепті барлығын екпе алуға шақырамын. Вакцинация – бүгінгі таңда коронавируспен күрестің ең тиімді жолы. Екпе алып қана біз бұл вирусқа тойтарыс береміз, әрі қарай таралуын тоқтатамыз. Вирус жұққан жағдайда да жеңіл өтеді», - дейді Құмар Күсемісов.
Облысқа ақпан айынан бері 16,5 мың ресейлік вакцина жеткізілді. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының 7 мыңы екпе алды.
«Вакцинаны ағза жеңіл қабылдайды. Екпе алғаннан кейін ушығу жағдайлары облыста, республикада тіркелген жоқ. Вакцина егілгеннен кейін аздап дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болуы мүмкін. Бұл алғашқы екі-үш күнде байқалады.
Вакцинаны алу үшін емханалар арқылы алдын ала жазылу қажет.
Электронды үкіметтің порталында eGov арқылы да екпе алуға өтініш қалдыруға болады. Ол өтініш автоматты түрде қаралып, кезекке қойылады.
Сол себепті eGov арқылы белгілі бір күнге, уақытқа жазылуға болмайды», - дейді басқарма өкілі.
- БҚО-дағы ауылда карантин күшейтіліп, санпостар қойылды
- Су тасқыны: Елорда іргесіндегі Қоянды кентіндегі жағдай тұрақтанды
- QazCovid-in жасаған ғалым: Біз вакцинаның зиянсыз екеніне кепілдік бере аламыз
- Коронавирус: Алматы облысының тұрғындары екпені Алматы қаласында жасата алады
-
Маңғыстау облысына «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
-
Алматының сауда, ойын-сауық орталықтарында 55 адам вакциналанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам