СҚО-да иіс тиіп уланған азаматтың жағдайы ауыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасы мүшелері иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, төтенше оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Новоишим ауылында орын алған.
39 жастағы азамат ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ал оның 9 және 18 жастағы қыздарына медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Иіс тиіп улануға қатты отынмен жанатын пештің ақауы себеп болған.

"Үйлерінде пеш пен электр жылытқыш бар барлық тұрғын олардың ақаусыз екендігін тексерулері қажет. Егер қандай да бір кемшілік анықталса, онда оны тез арада түзеген дұрыс. Қауіпсіздік қамтамасыз ету және иіс тиіп улануға жол бермеу мақсатында қатты отынмен жанатын пештердің мұржасына жапқыш пайдаланбауға кеңес береміз", - деп атап өтеді департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар