СҚО-да «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады», - делінген ұсынылған мәліметте.

Анықталғандай, 2019-2022 жылдар аралығында халықтың қаражатын тарта отырып «HERMES LTD» жобалары бойынша қаржы пирамидасы құрылған. Қызметі – қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту болған.

«Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде үш адам танылды. Олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді агенттіктен.

Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасына қатысты арыз-шағымды ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарлауға болатынын айтады.


Соңғы жаңалықтар