СҚО-да хабарсыз кеткен 47 жастағы ер адам табылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 474 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданында полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар 47 жастағы ауыл тұрғынын бірнеше күн бойы іздеді. Ол жалғызбасты, ұялы телефоны болмаған. Әрі қатты аязда адасып, үсіп кете ме деген қауіп те алаңдатты.

Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары кең ауқымды іздеу шараларын қолға алды. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен іздеу жұмыстарына салт атты жергілікті тұрғындар қосылды. Әлдебіреулердің ер адамды шалғай орналасқан ауылдарда көргені туралы ақпарат пайда болып, іздеушілерге үміт берді. Іздестіру аумағын кеңейтудің арқасында жоғалған адам Ақмола облысынан табылды. Ол туыстарына айтпай нәпақа табу мақсатымен кетіп қалған екен.

«Мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Жоспарларыңыз туралы жақындарыңыз бен туыстарыңызды ескертіңіздер. Байланыс құралдарын да өзіңізбен алып жүрген жөн.

Облыста 11 айда полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалғандар туралы 479 арызды қабылдады. Іздеу шараларына барлық қолда бар күш жұмылдырылады. Бұған волонтерлер де белсенді қатысады. Жоғалғандардың көпшілігі кезекші тәулікте табылды. Тек 28 адамға қатысты іздестіру ісі қозғалды. Бүгінде олардың 23-інің жүрген жері анықталды», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.


Соңғы жаңалықтар