СҚО-да ертеңнен бастап шектеу шаралары жеңілдетіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ертеңнен бастап бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы қолданысқа енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде коронавирус инфекциясының таралуы және вакцинация барысы бойынша ағымдағы жағдай туралы баспасөз конференциясы өтті.

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірдің «сары» аймақта орналасуына байланысты бүгін өңірлік комиссия шешім қабылдап, ертеңнен бірқатар жеңілдіктер енгізілмек.

Облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес Ashyq жобасын енгізбеген нысандар үшін:

1) Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, фитнес-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді;

2) діни нысандарда бір адамды кемінде 4 шаршы метрмен қамти отыра, толымдықты 30 %-дан асырмай ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат беріледі;

3) мәдениет нысандарында адам санын 30-дан асырмай жеке, топтық дайындықтар ұйымдастыруға рұқсат етіледі;

4) спорттық іс-шараларды зал толымдылығын 15 %-дан, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысын отыратын орындар санын 20 %-дан асырмай ұйымдастыруға рұқсат беріледі;

5) вакцина алмаған жағдайда қызметкерлердің кемінде 50 %-ы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Ал қызметкерлері COVID-19-ға қарсы егілген жағдайда талаптар қойылмайды;

6) қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты сағат 24.00-ге дейін ұзартылды, алайды толымдықты 50 %-дан және орын санын 50-ден асырмау қажет.

Ashyq жобасын енгізген кәсіпкерлік нысандары:

1) жұмыс уақыты демалыс және жұмыс күндері сағат 01.00-ге дейін, Ashyq көшбасшыларына сағат 03.00-ге дейін ұзартылады;

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинациялау, 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест болуы, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері болуы немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдар) нысандардың жұмысына рұқсат беріледі;

2) қоғамдық тамақтану нысандары толымдықты 50 %-ға дейін, бірақ 60 орыннан, банкет залдарында (ас беру үшін) толымдықты 30 %-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмауы қажет;

3) караоке толымдығы 50 %-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайды;

4) театр, кинотеатрлар, концерт залдары отыратын орындар санын 40 %-дан асырмай жұмыс істей алады;

5) бильярд, компьютерлік клубтар толымдықты 50 %-дан асырмаулары тиіс.

Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметкерлері мен келушілерде «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинациялаудан өткен, 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест болуы, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері болуы немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдар) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі:

1) салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) 50 %-ға дейін толымдықпен, 70 орыннан асырмай;

2) конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шараларды 50 %-ға дейін толымдықпен, ада санын 70-тен асырмай;

3) көрмелерді 70 % толымдықпен, бір уақытта 300 келушіден асырмай;

4) көрермендері бар спорттық іс-шараларды 70 % толымдықтан асырмай;

5) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары 30 % толымдықтан асырмай жұмыс істей алады;

6) діни нысандар жабық үй-жайда ұжымдық Құдайға құлшылық етуді 30 % толымдықтан асырмай;

7) компьютерлік клубтар отыратын орындар санын 70 %-дан асырмай толтырып жұмыс істей алады.


Соңғы жаңалықтар