СҚО-да еріген қар суы жолды басып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаменті күннің жылынып, жаңбырдың жаууына байланысты су тасқынының болу қаупін айтып, алдын ала ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-11 сәуір күндері облыс аумағында ауа температурасы көтеріледі. Жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл қардың қарқынды еруіне әкеледі. Еріген қар суының ағындылары пайда болып, өзен-көлдерде су деңгейі көтерілмек.

«Қардың қарқынды еруіне байланысты сақтық шараларын қолға алуды сұраймыз. Төтенше жағдай туындағанда немесе қауіп төнгенде сіздердің тәулік бойы 112 телефон нөміріне хабарласа алатындарыңызды еске саламыз», - дейді СҚО ТЖД мамандары.

Еріген қар суы өңірдегі Покровка-Горное-Антоновка бағытындағы облыстық

маңызы бар автомобиль жолының үстінен өтіп кетті. Есіл ауданы Горное елді мекенінің маңында үлкен көлге айналған қар суы автожолдың бойындағысу өткізгіш құбырлар арқылы ағып үлгермей жатыр.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, облыстағы өзендердің суы біртіндеп көтеріліп келеді. Мәселен, Гусаковка елдімекенінің маңында Бабықбұрлық өзенінің деңгейі шамамен бір тәуліктің ішінде 26 см өзгерген. Шарық өзені Рузаевка елді мекенінің маңында 47 см көтерілген.


Соңғы жаңалықтар