СҚО-да ер азамат 1974 жылғы төлқұжатпен жүрген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы аясында полицияға өңірдің 50 тұрғыны мәселелерімен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәселелердің көпшілігі миграциялық қызмет жұмысымен байланысты болған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың бірі көмек сұрап келген. Оның 3-4 жыл бұрын үйі өртеніп, құжаттарының барлығы жанып кеткен. Құжаттарының ішінде жеке куәлігі, еңбек кітапшасы, әскери билеті болған.

Ал қазіргі таңда оның жеке басын растайтын 1974 жылғы паспорты ғана бар. Ал оны тіркеу үшін полиция қызметкерлері Ресейге сұрау салды. Шағымданушыны Ресей азаматтығынан шығартып, оның құжаттарын аз уақыт ішінде дайындады.

«Петропавл тұрғындары сонымен қатар көпқабатты үйлердің маңына рұқсатсыз орналастырылған қоршауларға наразы. Жамбыл көшесіндегі пәтер иелері кооперативінің төрағасы Наталья Клюева үй тұрғындарының өз еріктерімн қазық қағып тастап, енді арнайы көліктердің аулаға кіруі қиындаған. Сонымен қатар ол жолортасындағы жолақтарға наразылығын білдірді. Өйткені ол көліктердің аулаға кіруіне рұқсат етпейді. Осыған байланысты Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мәселені реттеуді әкімшілік полиция басқармасының өкілдеріне тапсырды»,-деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Ал қазықтарға байланысты мәселені полиция қызметкерлері тұрғындардың жалпы жиынының шешімімен реттелетінін еске салды. Егер тұрғындар наразы болса, ол заңсыз әрекет болып табылмақ. Ал оны шешу үшін жер инспекциясына хабарласу керек. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай мәселелер қазір өте көп. «Жолдағы қабылдау» акицясы әр ай сайын өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар