СҚО-да ер адам сатушыны жарақаттап, дүкенді тонап кеткен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Шалқар елді мекенінде ауыл тұрғыны дүкен сатушысына шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау ауданы Шалқар елді мекенінде дүкен тонады және сатушысын жарақаттады деген күдікпен ауылдың 50 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында ер адамның дүкенге келіп, сатушыдан қарызға спирттік ішімдік сұрағаны анықталды. Алайда сатушы мас күйдегі адамға арақ беруден бас тартқан. Ауыл тұрғыны жаймада тұрған бөтелкеге бас салып, онымен сатушы әйелдің басынан ұрған. Кейін бөтелкені ала қашқан.

«Қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жарақат алған әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Көп жағдайда спирттік ішімдікті ішудің соңы қылмыс жасаумен аяқталады. Сол себепті учаскелік полиция инспекторлары осы бағытта алдын алу жұмыстарына басымдық береді», -дейді Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешов.


Соңғы жаңалықтар