СҚО-да ер адам бетон қоршаудың астында қалып, мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ер адамның үстіне абайсызда бетон тақта құлап, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Жамбыл ауданының Айымжан ауылында болған. Бетон қоршау 47 жастағы ер адамның үстіне құлады.

«Иесіз қалған аумақта шөп жинап жүрген ауыл тұрғынының үстіне бетон тақта құлап кетіп, басып қалған. Ер адам алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды», - деді баспасөз қызметі мамандары.

Мамандардың айтуынша, қаза тапқан адам туысына шөп жинасуға көмекке келген екен. Жұмыс істеп жүріп абайсызда бетон қоршауға тиіп кетуі мүмкін. Ертеден тұрған тақта құлап кеткен. Оқиға орнына келген полицейлер ауыл тұрғынының оқыс оқиғадан қаза тапқанын растады.



Соңғы жаңалықтар