USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да ер адам ауылдасының неміс овчаркасын сойып жеген

2021 жылғы 24 ақпан 16:58
Бөлісіңіз:
СҚО-да ер адам ауылдасының неміс овчаркасын сойып жеген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауылдасының байлаулы итін ұрлап әкетіп, сойып жеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқшын елді мекенінің тұрғыны полицияға хабарласып, біреудің түнде итін ұрлап кеткенін айтқан. Әйелдің сөзінше, неміс овчаркасы үйдің қасында темір шынжырға байлаулы болған.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілді.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Сол ауылдың 2001 жылғы тұрғыны бұрын сотталған. Итті сойып жеу үшін ұрлаған екен. Оған ешқайда кетпеу жөніндегі шара қолданылды.

Қазіргі уақытта осы іске байланысты бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT