СҚО-да ер адам 2 келі есірткімен ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданының тұрғынынан 2 келі есірткі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлескен жедел-

іздестіру іс-шаралары барысында аудан орталығының 52 жастағы тұрғынын

ұстады.

Оның сөмкесінен өсімдік тектес зат салынған пластик қап табылған.

Сараптама оның 2 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Бұл есірткінің аса ірі көлеміне жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Есірткі қылмысының әлеуметтік қаупі жоғары. Сондықтан есірткінің заңсыз айналымына ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан ауданда есірткі саудасына қатысты 5 факті тіркелді, оның 1-уі синтетикалық есірткі бойынша», - дейді Тайынша ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.


Соңғы жаңалықтар