+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

СҚО-да эпидемиологтар стихиялық сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға шақырды

2021 жылғы 11 маусым 15:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да эпидемиологтар стихиялық сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға шақырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында санитар дәрігерлер стихиялық сауда орындарымен күресіп жатыр. Рұқсатсыз сауда инфекциялық аурулардың таралуына әкеледі. Белгіленбеген орындарда сауда жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға көтерілді ШҚО-да 300-ден астам дәрігер шетелде біліктілігін арттырды Тіс емханасындағы дау: 1,5 жыл комада жатқан бүлдіршін көз жұмды

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, стихиялық сауда орындарында көкөністерден бастап, балық пен сүт өнімдеріне дейін кез-келген нәрсені сатып алуға болады. Алайда бұл – денсаулық үшін аса қауіпті.

«Стихиялық немесе рұқсат берілмеген сауда дегеніміз не? Бұл гигиеналық норматив талаптарын бұза отырып, шыққан жері белгісіз және сапасы күмәнді өнім мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарсыз тамақ өнімдерін сататын орын. Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілмей және ілеспе құжаттарсыз құс еті, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдері сатылады», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Наталья Беляева.

Петропавлда стихиялық сауда негізінен «Коммуналдық базар», «Корона» сауда кешені, «Караван» сауда үйі маңында жүргізіліп келеді.

«Көшедегі жаймадан алынған азық-түліктен уланып, инфекциялық аурулар тарауы мүмкін. Стихиялық сауда орындарында өнімдер көбінесе антисанитариялық жағдайда сатылады, сүт пайдаланылған пластикалық бөтелкелерде саудаланады, сүт, жұмыртқа тез бұзылады, соған қарамастан күн көзінде жатады. Сатушылар медициналық тексеруден өтпеген. Сондай-ақ, стихиялық сауда орындарының көпшілігі жол жанында орналасқан, тамақ өнімдері шаңмен, автомобильдердің пайдаланылған газдарымен ластанған. Бірақ сатушылардың ешқайсысы осы өнімнің сапасына жауап бермейді, ал сатып алушылар оларды күтіп тұрған қауіп туралы ойламайды», - дейді Наталья Беляева.

Инфекциялық ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі астан улануды стихиялық сауда орындарында жеке тұлғалардан сатып алынған өнімді пайдаланумен байланыстырады.

«Көшедегі жаймада сатылған азық-түлік салыстырмалы түрде арзан бағамен сатып алушыларды тартады. Бұл алғашында үнем болып көрінуі мүмкін. Алайда кейін емделу үшін дәріге қомақты қаражат жұмсалатынын ұмытпау керек. Базарда сатылатын ет, балық өнімдері, шикі жұмыртқа – сальмонеллез, бруцеллез, ауыр паразиттік ауруларға; саңырауқұлақтар, көкөністер, үйде консервіленген ет – ботулизмге; барлық тез бұзылатын тамақ өнімдері – жіті ішек инфекциясына және тамақтан улануға әкеледі», - дейді санитар дәрігер.

Наталья Беляеваның айтуынша, белгіленбеген орындарда сауда жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі. Заңмен 5 АЕК мөлшерінде, яғни 14,5 мың теңге айыппұл салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT