СҚО-да энергетиктердің кінәсінен екі адам зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік энергетиктердің жолда керіп қойған сымына соғылып, жүргізуші мен жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлде болған. ИЖ-21251 автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі жолдағы электр бағанына керілген сымды байқамай соғылған. Салдарынан жүргізуші де, оның қасындағы жолаушысы да жарақат алды. Аудандық ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді.

Полицейлердің айтуынша, «Көкшетау Энерго» ЖШС қызметкерлері көшеде жұмыс істеген. Олар сымды жолда кергенімен, жұмыс жүріп жатқандығы жөнінде ескерту белгісін қоймаған.

Ережені сақтамаған жауапты қызметкерге әкімшілік хаттама толтырылды.



Соңғы жаңалықтар