СҚО-да енді қылмыстық істерді тергеу жұмыстарын онлайн бақылауға болады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері іс жүргізуді электронды форматқа көшіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істер енді электронды форматта жүргізілетін болады. Тәртіп сақшылары инновациялық тәсіл уақтты үнемдейтінін айтады. Цифрлық қолтаңба арқылы құжат айналымы толықтай анықтаушының кабинетінде жүргізіледі. 

Полицейлердің айтуынша, аталмыш жүйе толықтай іске қосылған соң, қадағалаушы органдар мен зардап шегушілер істің қалай жүріп жатқанын онлайн режимде бақылап отыратын болады.

«Жаңа жүйе арқылы кез келген адам тергеу бағытында қандай шаралардың атқарылғандығын және қандай шаралардың жоспарланып отырғандығына жеке өзі көз жеткізе алады. Електронды қылмыстық істер, жүргізіліп жатқан іс бойынша қандай да бір қитұрқылықтардың болуына жол бермейді»,-деп атап өтті анықтау бөлімінің бастығы Ербол Бектұров.

Бүгінде департамент өкілдері қылмыстық істерді электронды форматта жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғының 53 данасын алған. Осы уақытқе дейін небәрі 19 жұмыс орны қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп үлгерген еді және олардың басым бөлігі Петропавлда болатын. Енді қажетті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютерлер әр ауданда бар. Бұл шағымды тіркеу мен оны сотқа жолдауға дейінгі аралықтағы анықтау жұмыстарын цифрлы форматта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері өңірде электронды форматтағы Сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне 468 қылмыстық іс тіркелген.

Соңғы жаңалықтар