СҚО-да еңбекке уақытша жарамсыздық парағы электронды түрде беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы электронды беріледі. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір амалы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы емханалардың басым бөлігі бүгінде цифрлық жүйеге көшкен. Дәрігерлердің айтуынша, қағазбастылықтан арылған олардың жұмысы едәуір жеңілдеді. Электронды берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы сырқаттарға да, жұмыс берушілерге де ыңғайлы болып отыр.

«Электронды парақты ашқанда сырқаттың аты-жөні, мекенжайы, жұмыс орны сияқты ақпарат автоматты түрде шығады. Біз диагнозын жазып, жұмысқа жарамсыздық мерзімі деген бөлігін ғана толтырамыз. Келесі келгенде дәрігер бума қағаздардың арасынан құжаттарын іздемейді. Электронды базадан бірден табады», - дейді Петропавлдағы № 1 қалалық емхананың учаскелік дәрігері Елена Плужниова.

№ 1 қалалық емхана алғышқылардың бірі болып былтыр қыркүйек айынан бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағын электронды бере бастаған. Бүгінде оның артықшылығын байқап үлгерді. Емделушіге де енді дәрігерлердің мөрін жинау үшін кабинеттерді аралаудық қажеті жоқ. Оған қоса, электронды құжат жоғалмайды.

«Сырқат «Damumed» қосымшасы арқылы еңбекке жарамсыздық парағындағы мәліметті өзі тексере алады. Ол үшін QR кодты сканерлеп жеке парақшаға кіру қажет. Жұмыс берушіге де электронды құжат ыңғайлы. Жәрдемақының мөлшері автоматты түрде есептеледі», - дейді №1 қалалық емхананың статисі Александр Гассман.

Жаңашылдықтың басты артықшылығы - еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қолдан жасауға болмайды. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

Соңғы жаңалықтар