+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да ең жоғары балл алған түлек физика-математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді

2020 жылғы 29 маусым 23:39
Бөлісіңіз:
СҚО-да ең жоғары балл алған түлек физика-математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдіргендердің 62,9% бүгінге дейін қатысып, 124 түлек 100 және одан да жоғары балл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биылғы оқу жылы студенттер үшін қалай басталады БҚО-да 90 мыңнан астам оқушыға қашықтан білім берілмекші Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, ҰБТ-ға келген 4 түлек дене қызуының көтерілуіне байланысты тестілеуге жіберілмеді. Олардың біреуі 27 маусым күні сынақтан өтсе, қалған үшеуі ертең тестілеуден өтпек.

ҰБТ барысында 7 түлектің тест нәтижесі жойылды. Енді олардың төртеуі қаңтарда алған сертификатпен жоғары оқу орнына түспек, екеуі тамызда тестілеуден өтеді. Ал біреуі колледжге баруға шешім қабылдады.

21 маусымнан бастап осы күнге дейін 124 абитуриент 100 және одан да жоғары балл жинады. Олардың 42-сі ауыл мектептерінің, 45-і мамандандырылған мектептердің түлектері.

Ең жоғары – 128 балл алған бойжеткен – Тимирязев ауданындағы Мичурино орта мектебінің түлегі Даяна Василюк. Даяна «Алтын белгі» иегері. Физика және математика пәндерінің мұғалімі болуды армандайды, сол үшін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге оқуға түспек. Түрлі пәндік байқаулар мен олимпиадаларға қатысқан ол спортпен де шұғылданады. Спортта шаңғы мен жеңіл атлетикаға басымдық берген.

Жоғары 126 балл алған екінші түлек те Тимирязев ауданыныкі. Сәбит Мұқанов атындағы мектеп-гимназияны «Алтын белгіге» тәмамдаған Жалғас Мұқалиев білім ордасында «Адал ұрпақ» клубын басқарды.

«Болашағымды ақпараттық технологиялармен байланыстырғым келеді. Информатикадан өз бағдарламаларымды жазып жүрмін. Сүйікті пәндерім – физика мен математика. Физикадан көптеген олимпиадаларда жеңіске жеттім. Санкт-Петербор университеті ұйымдастырған халықаралық олимпиаданың жүлдегерімін. Бос уақытымда шахмат ойнағанды жақсы көремін. Шахматтан облыстық олимпиаданың жеңімпазымын», - дейді Жалғас Мұқалиев.

Жалпы СҚО-да бүгінге дейін 2 мыңнан астам адам тестілеуден өтсе, соның 200-і қажетті 50 баллды жинай алмады.

Ақерке Дәуренбекқызы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT