+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

СҚО-да елік атқан браконьер ұсталды

2020 жылғы 20 қазан 14:13
Бөлісіңіз:
СҚО-да елік атқан браконьер ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік атты деген күдікпен ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада үш жасөспірім бейтаныс адамға шабуыл жасаған Арқалықта жетім балаларға тиесілі азық-түлікті ұрлап келген бас дәрігер сотталды Петропавлда интернет-алаяқтар бойжеткеннің 1,3 млн теңгесін жымқырды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне сағат түнгі 01.30 шамасында СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы аудандық бөлімінің басшысынан заңсыз аңшылық жөнінде хабарлама түседі. Олар рейд барысында аудан орталығы Пресновка елді мекенінен 60 шақырым жердегі Суаткөл ауылының маңында ВАЗ-2104 көлігін тоқтатқан. Көлікте үш ер адам болған, салоннан еліктің еті мен аңшы мылтығы табылды.

Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетіп, көліктің жүксалғышынан сібір елігінің етін және пышақты алды. Сондай-ақ тіркелмеген оқтаулы ТОЗ-63 мылтығын тәркіледі.

«Тексеріс барысында сол түні Явленка ауылының 40 жастағы тұрғынының

екі танысымен Тимирязев ауданына жұмыстарымен шыққаны белгілі болды.

Айтуларынша, Жамбыл ауданымен шекарада олар ауыл ішілік жолда елікті көріп қалып, атып алыпты. Сол түні СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мамандары рейдке шыққан екен. Олар бейсауат жүрген көлікті тоқтатып, тексерген», - дейді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

Бұл факті «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге «шақырғанда міндетті түрде келу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қару мен аң еті сараптамаға жіберіліп, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT