СҚО-да электр желілерін қалпына келтіруге 26,8 млн. теңге жұмсалмақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда ағымдағы жылы электр желілерін қалпына келтіруге 26,8 млн. теңге жұмсалады, деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«2015 жылы кәсіпорын Алтынсарин көшесі бойынша («Есіл Су» АҚ-ның ауданы) 4 шақырым әуе желісін қалпына келтірумен айналысып, ондағы «жалаңаштанған» сымдарды СИП 3 маркалы сымға ауыстырып жатыр. Әуе желісін қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын шығын 26,8 млн. теңгені құрайды. Жабдықтарды ауыстыру «Есіл Су» АҚ-ның электрмен жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

2015 жылы «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ 2014-2015 жж. орташамерзімдік кезеңіне мақұлданған инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастырып отыр, бөлінген қаражат көлемі - 2,1 млрд. теңге, соның ішінде 2015 жылға 1,1 млрд. теңге бөлінген.

Инвестициялық бағдарламаның басымдық бағыттарына энергияны үнемдеу бойынша 364 млн. теңге көлеміндегі шаралар, соның ішінде АСКУЭ енгізу бойынша 230 млн. теңгені құрайтын шаралар жатқызылады.

Негізгі құралдарды қалпына келтіру үшін 637,6 млн теңге, есірген және бүлінген электр жабдықтарын ауыстыруға - 98,4 млн. теңге жіберу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар