СҚО-да электр қалқанын шығаратын зауыт салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде электр қалқанын шығаратын зауыт салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыған дейінгі баспасөз мәслихатында мен электр қалқанын шығаратын зауыт жобасы туралы айтқан едім. Қазір аталған жаңа кәсіпорын өндіріс айналымын кеңейте бастады. Биыл 4 мың трансформатор шығару жоспарланған. Кейін өндіріс қуатын жылына 13 мың данаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Жыл соңына дейін жондағы жұмысшылар саны 200-ге жетсе, кейін 350-ге дейін барады. Бұдан бөлек инвестор электр қалқанын шығаратын зауыт салмақшы. Ол үшін 7 млрд теңге инвестиция тартпақшы», - деді Құмар Ақсақалов.

Әкім «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының әлеуетіне де тоқталды. Айтуынша, биыл бұл аймақта ДСП-тақтайларын шығаратын зауыт салынбақ. Сондай-ақ, болаттан қаңылтыр өндіру жоспарланып отыр.

«Жалпы өнеркәсіп саласында ахуал жағымды. Бес жыл ішінде саладағы жалпы ішкі өнім 1,8 есе өсіп, 198 млрд теңгеден 365 млрд теңгеге артты.. Ал 2022 жылы 410 млрд теңгеге жеткіземіз», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар