+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

2020 жылғы 1 шілде 02:47
Бөлісіңіз:
СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары діни заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу нәтижесінде, жыл басынан бері 7 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде іздеу салынған қылмыскер Павлодар облысында қолға түсті Оралда бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелді Наурыздан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 қазақстандық көз жұмды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда тыйым салынған «Ата Жолы» оккульттік-мистикалық діни ағымды ұстанушы – Петропавл қаласының екі тұрғыны жұртқа дәстүрлі емес емдеу қызметін көрсеткен. Сеансқа келгендерді аруақ шақырып емдеймін деп уәде еткен екі әйел енді 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

«YouTube» видеохостингіне мониторинг жүргізу барысында діни сипаттағы бейнематериалдарды таратудың дерегі анықталды. Осыған байланысты Петропавл қаласының 50 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен оған діни әдебиетті және діни мазмұндағы басқа материалдарды таратуға үш ай шектеу қойылды және 132 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға болады.

«Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады. Жыл басынан анықталған 7 факті бойынша 6 адамға 50-ден 100-ге дейінгі АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Бір материал сараптамаға жіберілді», дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Алмас Шитқанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT