СҚО-да елде тыйым салынған «Ата жолы» ұйымы жұмыс істеген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Ата жолы» оккультті-мистикалық ұйымның ұстанушысына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ата жолы» немесе «Ақ жол» деген атпен танымал ұйым Петропавлда заңсыз жұмыс істеп келген. Оккультті-мистикалық ұйымның ұстанушысын Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бірінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен бірге анықтаған.

Қызылжар ауданының 46 жастағы тұрғыны облыс орталығының Жамбыл көшесі бойындағы үйлердің бірінде қабылдау жүргізген. Ол белгілі бір сомаға жергілікті тұрғындардың қасиетті жерлерге шығуын ұйымдастырып отырған. Тұрғылықты жері бойынша адамдарды қабылдап, адыраспанмен және шипалы сумен жан-тәнді тазалау, ата-баба аруақтарына табыну сияқты ҚР аумағында тыйым салынған оккультті-мистикалық ағымға тән басқа да емдеу тәсілдерін қолданған.

«Облыс тұрғынына «ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынды», - дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Еске салайық, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық соты 2009 жылы «Ата жолы» («Ақ жол») ЖШС қызметіне республика аумағы бойынша тыйым салды.ә


Соңғы жаңалықтар