USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

СҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды

2021 жылғы 30 қараша 13:33
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл маңындағы айналма жолда екі көлік соқтығысып, үш адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлдағы қаңғыбастардың басым бөлігі - тепсе темір үзетін жігіттер СҚО-да инфекциялық стационарлардағы сырқат саны соңғы он күнде 10 пайызға артты СҚО-да COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 15.30 шамасында Петропавлдағы айналма жолдардың бірінде болған. ВАЗ-21093 мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, апат орнына үш жедел жәрдем көлігін және төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын шақыруға тура келді.

ВАЗ көлігінің 42 жастағы жүргізушісі мен оның 36 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Ал Toyota-ның 28 жастағы жүргізушісіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты бірқатар тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Жүргізушілердің спирттік ішімдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін олардан қан алынды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған материал Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне жіберілді.

Полицейлер көктайғаққа байланысты сақтық шараларын күшейтуді сұрайды.

Жалпы биылғы 10 ай ішінде СҚО-да 151 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам мерт болды. 206 адам жарақаттанды. Ал рульге мас күйде отырғаны үшін мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT