СҚО-да екі жеңіл көлік соғылып, үш адам ауруханаға түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тасжолда екі жеңіл көлік соғылып, үш адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан «Ваз» көлігі жолдан шығып кеткен. Оның жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды. Жүргізушінің жағдайы ауыр.

СҚО Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жол апаты 11 шілде күні сағат 15.00 шамасында «Петропавл-Жезқазған» автожолында болған.

Бәйтерек ауылының қасында «Lexus» көлігінің 1961 жылғы жүргізушісі жасап жатқан маневрінің қауіпсіздігіне көз жеткізбей өзімен бір бағытта келе жатқан «Ваз 2110» көлігін соққан.

Екінші көліктің рөлінде Бескөл ауылының 2002 жылғы тұрғыны болған. Соққыдан «Ваз 2110» жолдың шетіне шығып кеткен.

Көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Полицейлер оқиға орнында жұмыс істеп, қажетті материалды жинады.


Соңғы жаңалықтар