Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

СҚО-да екі күн далада адасып қалған ресейлік ерлі-зайыптылар табылды

2017 жылғы 20 қараша 13:11 1345
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі күн далада адасып қалған ресейлік ерлі-зайыптылар табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО Уәлихан ауданында көліктерімен ен далада жоғалып кеткен ресейлік ерлі-зайыптылар аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, өткен демалыста ерлі-зайыптылардың жоғалғаны туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін бүкіл жеке құрам іздеу жұмыстарына жұмылдырылған. Ерлі-зайыптылар «Nissan» автокөліктерімен Степногорск қаласынан Ресейдің Омбы қаласына бара жатқан.

«Балаларының жоғалғаны туралы әйелдің әкесі хабар берді. Олар жұма күні Омбыдағы үйлеріне жетіп қоюы керек болатын. Әйелдің әкесі Владимир Полтавец бір тәулік бойы балаларын іздеп таба алмаған. Ақыры, шекарада аталған маркалы көліктің өтпегенін хабарлағаннан кейін уайымдаған әке СҚО ІІД қызметкерлерінен көмек сұрады», - деп хабарлайды ведомстводан.

Құқық қорғау қызметінен арнайы құрылған топ далаға шығып, барлық елді мекендерді тексеріп шыққан. Ертеңінде таңертең тағы 8 топ құрылып, іздеу жұмысына тіпті әкімдік қызметкерлері жұмылған.

«Олардың үйлерінде 4 және 11 жастағы екі қызы күтіп отырған еді. Жексенбі күні түске таяу Домбыралы ауылынан 4 шақырым жерде ерлі-зайыптылар аман-есен табылды. Қолайсыз ауа-райы салдарынан жолдан адасып, көліктері жүрмей қалған. Екі тәулік бойы машинаның ішінде отырыпты», - деп хабарлайды СҚО ІІД-нен.

Құтқарушылар мен құқық қорғаушыларға алғысын білдірген Татьяна Зайцева мен жұбайының қуанышында шек жоқ. СҚО полицейлері автокөлікті жөндеуге көмектесіп, ресейліктерді шекараға дейін шығарып салды.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат