СҚО-да екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Петерфельд елді мекенінің маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, апат Петропавл-Мамлютка тас жолында, Петерфельд елді мекенінің маңында болған. Қатты соққыдан екі көлікке де айтарлықтай зақым келді. Адамдар аман.


Полиция, жедел жәрдем қызметінен басқа, оқиға орнына құтқарушыларды да шақыруға тура келген. Мамандар көлік ішінде қыстырылып қалған адамды арнайы құралдарды пайдаланып алып шықты.

Жол-көлік оқиғасына қатысты Қызылжар аудандық полиция бөлімі түсінік берді.

«6 қараша күні сағат 12.00-де «Челябі-Новосібір» автожолының 516 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. «Audi» мен «Toyota Corola» жеңіл көліктері соқтығысып қалды. «Toyota» машинасының жүргізушісі мен жолаушыларына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар