+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-да екі көлік соқтығысып, бір әйел жарақат алды

2021 жылғы 22 маусым 17:45
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі көлік соқтығысып, бір әйел жарақат алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір әйел жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміртауда жол апатынан әкесі мен 10 жасар ұлы қаза тапты Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Павлодарда екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы кеше, сағат 19.00 шамасында болған. Бескөл ауылының маңында екі көліктің соқтығысқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Кейін осы постқа қатысты полицейлер түсінік берді.

«21 маусым күні сағат 18.40-та «Петропавл-Жезқазған» автожолында «Hyundai Accent» пен «Nissan Primera» көліктері соқтығысты. Салдарынан «Hyundai Accent» машинасындағы жолаушы ауыр жарақат алып, Петропавлдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты материал жинап жатыр, кейін сол бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген әлеуметтік желідегі жауапта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT