+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 27 қазан 12:34
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әйелдер колониясында негізінен есірткі қылмысы және адам өлтіргені үшін отыр – жедел уәкіл СҚО-да үй карантинін бұзғандарға 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды ШҚО Жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Басқармалардың жаңа басшыларын әкімдік отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

Бұдан былай СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын Қайролла Ғалеев басқарады.

Қайролла Төлеуұлы 1967 жылы Мағжан Жұмабаев ауданның Чистовский ауылында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Талай жыл Петропавл қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Ал Бақыт Ілиясов СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бақыт Ботажанұлы 1984 жылы Қызылжар ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірді.

Бүгінгі тағайындауға дейін СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT