+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

СҚО-да екі балықшы суға кетті

2019 жылғы 8 қараша 16:05
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі балықшы суға кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында балық аулауға кеткен екі тұрғынның денесі судан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда көлігімен бірге өзенге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-құтқару жасағы 7 қараша күні күндізгі 14:40 шамасында Есіл ауданындағы Оседлое елді мекенінен 1 шақырымдай жерде орналасқан тоғаннан екі адамның денесін алып шықты.

53 және 58 жастағы екі ер адам көрші Амангелді ауылының тұрғындары екен. 6 қараша күні үйден балық аулауға шығып кетіп, оралмаған. Мамандардың айтуынша, олар қазаншұңқырдан киімдерімен және жеке құтқару құралдарынсыз табылды.

Биыл суға шомылу маусымында 12 адам суға кетті. Соның жетеуі суға шомылу кезінде қаза тапса, тағы үшеуі балық аулап жүріп ажал құшқан. Сонымен қатар 24 адам құтқарылса, соның 16-сы — бала.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT