+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да екі әйел мен төрт баланы өрттен құтқарған полицейлер марапатталды

2020 жылғы 28 қаңтар 21:08
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі әйел мен төрт баланы өрттен құтқарған полицейлер марапатталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аппараттық кеңесінде Айыртау ауданының екі патруль полицейі «Өртте көрсеткен ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы тауларында ерлі-зайыптылар құтқарылды

Айыртау ауданының екі патруль полицейі желтоқсан айында бір үйлі жанды өрттен құтқарған еді. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі тәртіп сақшысының ерлігі ескерусіз қалмай, олар ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен марапатқа ие болды. Патрульді полиция батальонының инспекторлары Ерлан Данкин мен Азамат Бүкүев Айыртау ауданындағы «Көкшетау-Рузаевка» тасжолында кезекшілік атқарады.

Естеріңізге салайық, оқиға 21 желтоқсан күні таңғы сағат 6.30 шамасында болған. Көліктеріне жанармай құймақ болып аудан орталығы Саумалкөлге кірген олар үйлердің бірінің жанып жатқанын байқап қалады. Бірден көмекке жетіп, өртенген үйден екі әйел мен төрт баланы алып шығады. Балалардың ең кішісі - нәресте қыз сол кезде небары 8 айлық болған. Олардың жіті қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция қызметкерлерін медальмен марапаттаған полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев патрульді полиция қызметкерлерінің жұмысын атап өтті.

«Патруль полицейлері тұрғындармен күнделікті тығыз жұмыс істейді. Сол себепті олар жедел көмек қажет болған жағдайда оқиға орнынан табылады. Ерлан Данкин мен Азамат Бүкүевтің кәсіби іс-қимылы басқаларға, соның ішінде жас қызметкерлерге үлгі болуы тиіс. Біз ең алдымен тұрғындарға көмектесуіміз қажет», - деді облыстық полицияның басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT