СҚО-да екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Жамбыл және Айыртау аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысының өкімімен Марат Ескендіров Жамбыл ауданының әкімі болды.

Марат Мәкенұлы СҚО Шал ақын ауданы, Криовощеково елді мекенінде туған. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы», «Заңгер».

Еңбек жолын 1983 жылы СҚО-ның Сергеев ауданындағы Ибраев ауылындағы ауыл шаруашылығы ұйымында жұмысшы болып бастаған. Әртүрлі жылдарда Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысында, Екібастұз, Павлодар қалаларында салық саласында еңбек етті. 2018-2019 жылы СҚО Қызылжар ауданы әкімі аппаратында, осы аудан әкімінің экономика және қаржы салаларындағы жедел мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарды. Бүгінге дейін СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі болған.

Ал Айыртау ауданына әкім болып Дархан Әмрин тағайындалды.

Дархан Өмірсерікұлы 1990 жылы СҚО Сергеевка қаласында дүниеге келген. 2011 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетті экономика мен бизнес бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі бойынша бітірген. Әртүрлі жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да еңбек етті. Бұл тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен.


Соңғы жаңалықтар