СҚО-да екі аптадан аcа уақыт хабарсыз кеткен бойжеткен табылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бұған дейін іздеу жарияланған Алена Пяткованың табылғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның 1999 жылы туған тұрғыны Алена Пяткованың жоғалғанын бұған дейін айтқан едік.

Волонтерлер ол туралы мәліметті әлеуметтік желіге орналастырып, іздеу жариялады. 10 қаңтар күні Мамлют қаласындағы үйінен Петропавлға жол тартқан бойжеткен содан хабарсыз кеткен.

Тәртіп сақшылары Аленаның аман-есен табылғанын айтты.

«Бұл ақпаратты полицейлер тексерді. Әйелдің туыстары оны өз күшімен іздеп табуға тырысқан. 16 қаңтар күні олар аудандық полиция бөліміне жүгінді. Қазіргі уақытта жоғалған қызды полицейлер Петропавл қаласында екенін анықтады. Одан жауап алынып, табылғаны туралы туыстарына хабарланды. Қазіргі уақытта оның жоғалуының басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал 47 жастағы Мұрат Мұханжаров әлі күнге хабар-ошарсыз. Петропавл тұрғыны қазан айынан бастап іздестіріліп жатыр.

Ер адам, туыстарының айтуынша, телефон арқылы байланысқа шығып, Булаев қаласында жұмыс істеп жатқанын айтқан. Кейін телефоны сөндірулі болған.

Жоғалған ер адамды көрген-білгендер болса, 8 775 152 07 52, 8 775 631 48 11 және волонтерлердің 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 нөміріне немесе 102-ге хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар