СҚО-да дүкендер мен сауда үйлерінің жұмысы сағат 23.00-ге дейін ұзартылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның бас санитариялық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың жаңа қаулысына сәйкес дүкендер мен сауда орталықтарының жұмысы сағат 23.00-ге дейін ұзартылды.

Қоғамдық көліктерге қойылатын талаптарда өзгеріс бар. Бұдан былай қала ішіндегі автобустар кондукторларсыз жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ қарбалас сәтте қосымша көліктер шығарылмақ. Өйткені жүргізушілер жолаушыларды орын санына қарай ғана ала алады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 06.30-дан 22.00-ге дейін жүретін көліктер демалыс күндері жұмысын уақытша тоқтатады.

Туризм нысандары, мейманханалар, демалыс үйлері тек 80% ғана толып, келушілерді қабылдай алады.

Ал базарлар, 2 мың және одан да көп шаршы метр аумақты алып жатқан бөлек тұрған сауда үйлері, ірі сауда-ойын-сауық кешендері, әуежайлар, теміржол вокзалдары мониторинг тобының тексерісінен соң, нысанның дайындығын бағалау актісінен кейін ғана жұмысын жандандыра алады.

Демалыс күндері карантиндік шектеулер қатаңдатылып, азық-түлік, құрылыс дүкендері мен дәріханалардан басқасы жұмысын тоқтатпақ.

Облыстың бас санитариялық дәрігері әлі күнге дейін отбасылық іс-шараларды – той, құдалық, баталарды өткізуге тыйым салынғанын ескертеді.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда қайта карантиндік шекеулер күшейтілмек.

Айта кетейік, СҚО-да 21 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырудың 3822 дерегі тіркелді. 2737 адам - 71% тәуір болып, 19 адам көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар