СҚО-да дизельмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сағат 22:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысында дизельді және қоғамдық көлік құралдарының қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Қозғалыс шектелген жол учаскелері:

- «Екатеринбург-Алматы» (Рузаевка ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

- «Көкшетау-Рузаевка» (Ақмола облысының шекарасынан Саумалкөл ауылына дейін);

- «Астана-Петропавл» (Ақмола облысының шекарасынан Келлер ауылына дейін);

- «Көкшетау-Омбы» (Ақмола облысының шекарасынан Чкалово ауылына дейін);

- «Жезқазған-Петропавл» (Ақмола облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).


Соңғы жаңалықтар