СҚО-да діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 адам сотталды
2022 жылғы 5 шілде 20:28

СҚО-да діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 адам сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, діни сипаттағы материалдарды таратқандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабымен 200 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл қарастырылған.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның 39 жастағы тұрғыны WhatsApp мессенджерінде бір ай бойы діни сипаттағы материалдар мен фотосуреттерді орналастырып келген. Заң бұзғаны үшін ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік материал жинастарылып, іс аудандық сотқа жолданды.

Аудандық сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

«Діни әдебиетті, діни сипаттағы басқа да ақпараттық материалдарды, діни мақсатта қолданылатын заттарды тек діни ғимараттарда, діни білім беретін ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен белгіленген стационарлық үй-жайларда таратуға рұқсат етілген. Петропавлда бұндай 15 арнайы орын бар, тағы бірі Айыртау ауданында орналасқан», - дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Жарасбаев.

Жыл басынан діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT