СҚО-да «Динамо» спорт қоғамының 95 жылдығына орай спорт ардагерлері марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейінде «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 95 жылдығына орай ардагерлер мен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Динамо» филиалында басым бөлігі полиция қызметкерлерінен тұратын, құқық қорғау органдарының үш мыңнан астам қызметкерінен құралған 28 дене шынықтыру ұжымы бар.

«Полиция қызметкері дене бітімі шымыр, моральдық тұрғыдан тұрақты, әрі рухы мықты болуы тиіс. Сонда ғана ол қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап шығады. Ал бұл қасиеттер спортпен шұғылданудың арқасында қалыптасады», - дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімі ведомствоның мұражайында өтті.

Бүгінгі спорт ардагерлері - Юрий Трошин, Николай Зубарев, Вадим Шақшабаев, Бауыржан Құлжанов, Сергей Кручина, Виктор Денисенко, Валерий Антясов, Сергей Татымов – өз заманының белгілі спорт жұлдыздары. Олар ондаған жылдар бойы облыс полицейлеріне самбо мен қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін үйретті.

Жиынға дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов те қатысты. Погон таққан қазіргі спортшылар – Қанат Қазанғапов, Олег Гурский де болды. Олардың әрқайсысы «Динамо» спорт қоғамының 95 жылдық мерейтойының құрметіне естелік медальмен марапатталды.

СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен СҚО ПД бөлім басшысы Мәдина Балғашоқоваға алғыс хат табысталды. Сондай-ақ облыстық полиция ведомствосының басшысы үлгілі қызметі үшін «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалының бас маманы Галина Скорыхқа алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар