+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

СҚО-да демалыс күндері театрлар ашылып, бірқатар қызмет көрсету орындары жұмыс істейді

2020 жылғы 18 қыркүйек 12:27
Бөлісіңіз:
СҚО-да демалыс күндері театрлар ашылып, бірқатар қызмет көрсету орындары жұмыс істейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысына сай бірқатар қоғамдық орындар жұмысын бастады, дегенмен демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары жабық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бекшин алматылықтарды той жасамауға шақырды СҚО-да карантин талабын бұзғандарға 53 млн теңге айыппұл салынды Елордадағы сауда орталықтары демалыс күндері қандай жағдайда ашылады

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Серікбай Қасмақасовтың айтуынша, театрлар 50%-ке ғана толып және адам саны 50-ден асырмай жұмыс істей алады. Бірақ маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтаулары керек. Сауда ойын-сауық орталықтарындағы қоғамдық тамақтану орындары да жұмысын бастайды. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ және келушілер саны 50-ден аспауы қажет. Енді жалпы қоғамдық тамақтандыру орындары сағат 23.00-ге дейін ашық.

Жұмыс күндері келушілердің санын азайту мақсатында енді сұлулық салондары, шаштараздар, фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, сауналар және алдын ала жазылу бойынша, 50%-ке ғана толып және адам саны 50-ден асырмай бассейндер, діни нысандар, балалар кабинеттері, ашық аспан астындағы жәрмеңкелер мен аттракциондар демалыс күндері де жұмыс істей алады.

«Азық-түліктік емес тауарды сататын жабық базарлар, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді. Мұндағы азық-түлік супермаркеттерінен басқалары да сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады», - дейді Серікбай Қасмақасов.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттерінде санитарлық-карантиндік қадағалау күшейтілді.

«Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттерден келушілер шекарадан елге өтерде дене қызуы өлшенеді, сауалнама толтырады, COVID-19 жоқтығы жайында ПЦР әдісімен зерттелген және қолға алғанына 5 күн өте қоймаған анықтаманы көрсетеді. Мұндай анықтама болмаған жағдайда келушіден сол жерде сараптама алынады. Тек осыдан кейін сапарын жалғастырады. Ал дене қызуы болған жағдайда анықтамасының болғанына қарамастан провизорлық орталыққа екі тәулікке карантинге жатқызылады. Бұл жерде олардан зертханалық түрде сараптама жасалады. Оң нәтиже берген жағдайда инфекциялық стационарға жатқызылады», - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.

СҚО-да 18 қыркүйекке дейін коронавирусты жұқтырған 4039 адам тіркелді. Оның 3918-і - 97% тәуір болып, 20 адам көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT