СҚО-да демалыс күндері көптеген әлеуметтік нысандардың жұмысына тыйым салынбақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты 26 шілдеден бастап шектеу шаралары қатаңдатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, 26 шілдеден бастап облыс аумағында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Бұл жолы сенбі-жексенбі күндері сауда, ойын-сауық орталықтарының, азық-түлік сататын жабық базарлардан басқасы, сауналар, спорттық кешендер, бассейндер және сауықтыру, фитнес орталықтарының жұмысына шектеу қойылады.

«Ashyq» бағдарламасына қатыспайтын мәдениет нысандары, театр мен кинотеатрлардың, филармониялар мен концерт залдарының жұмысы тоқтатылады. Ал бағдарламаны енгізген нысандарға 30 % сыйымдылықпен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орындарының жұмыс кестесі таңетеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін қысқартылады. Олар да 50 % сыйымдылықпен келушілерді қабылдауға міндетті.

Халыққа қызмет көрсететін нысандар 80 % сыйымдылықпен жұмыс істей алады. Медициналық орталықтар мен стоматология кабинеттеріне алдын ала жазылу керек. Сонда ғана олардың жұмысына рұқсат етіледі.

Спорттық шараларды көрермендермен өткізуге тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар