СҚО-да демалыс күндері карантинді бұзудың 34 дерегі анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен демалыскүндері мониторинг топтары карантин талаптарын бұзудың 34 дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг топтар Петропавл маңындағы демалыс орындарын тексерді.

Нәтижесінде, жүргізіліп жатқан түсіндіру шараларына және ескертулерге қарамастан кей тұрғындар жиындардан әлі де болса бас тарпаған.

Құрамында жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері мен санитариялық дәрігерлер болған мониторинг топ «Березовая роща» демалыс орнына келгенде, ондағы барлық үйлерде демалушылар болған. Қала тұрғындары карантин режимін бұзып, туыстарымен және жолдастарымен бірге туған күндерін тойлаған. Аталған фактілер бойынша кешен иелеріне де, той иелеріне де әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ, демалыс күндері карантиндік шараларды бұзып, жұмыс істеген «Огни Каспия» дәмханасының иесі де әкімшілік жазаға тартылады.

«Демалыс күндері шектеу шараларының күшейтілгенін естеріңізге саламыз. Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес көңіл көтеру мекемелерінің жұмысына тыйым салынды. Қоғамдық тамақтандыру нысандары сенбі-жексенбі күндері өнімдерін жеткізу арқылы ғана жұмыстарын жүргізе алады», - дейді Петропавл қалалық ПБ бастығы

Жандос Мұқатов.


Соңғы жаңалықтар