+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да демалыс күндері карантин күшейтіледі

2020 жылғы 13 тамыз 10:44
Бөлісіңіз:
СҚО-да демалыс күндері карантин күшейтіледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында алдағы демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді 1 қазаннан бастап Өзбекстан шекараны ашатын болды

СҚО-ның бас санитариялық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың жаңа қаулысы бойынша демалыс күндеріне шектеу шаралары 15 тамыз күні сағат 00.00-де күшіне еніп, 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Бұл жолғы қаулыда өзгеріс бар. Мейрамхана мен дәмханада тағамды тапсырыс бойынша жеткізумен қатар, келушілерге өзімен алып кетуге салып бере алады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін сататын дүкендерге жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Бұдан басқа азық-түлік және дәрі-дәрмек сататын сауда орындарынан басқасы, базарлар, демалыс орындары мен монша-сауналар, саябақтар, туризм және спорт нысандары жұмысын тоқтатады.

Өңір тұрғындарына отбасылық мерекелерді өткізуге, той-томалаққа баруға, туған-туыс, дос-жарандарын аралауға тыйым салынған.

Жалпы бұл күндері жұмысқа баруға, жақын маңдағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға және аулада үй жануарларын серуендетуге ғана шығуға рұқсат берілген.

Қала, елдімекендер ішінде, сондай-ақ саяжайларға баратын қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Айта кетейік, СҚО-да өткен тәулікте 33 адамда коронавирус белгілері анықталса, 41 науқас тәуір болды. Жалпы наурыз айынан бері өңірде қауіпті індеттің 3641 жағдайы тіркелсе, 2527 адам емделіп шықты. 17 адам қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT