СҚО-да демалыс күндері аяз болады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, термометр бағаны түнде 17-22 нөлден төмен болады. Кей жерлерде тіпті - 25 градусқа дейін барады, сондай-ақ қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік бастыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді, кей жерлердің тіпті 15-20 метрге дейін баруы мүмкін.

30 қараша күні күндіз ауа температурасы 14-19 градус аяз болады, кей жерлерде күн -22 градусқа дейін суытуы мүмкін. Демалыс күндері де күн суық болады. Түнде 20-25 градус аяз болса, күндіз күн -7-15 градусқа дейін суытады. Кей жерлерге қар жауып, бұрқасын болады. 1 желтоқсанда солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдғы секундына 9-14 метрге жетеді. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 градус болады.

Жексенбі күні желдің бағыты оңтүстік-батысқа қарай ойысады.

Айта кетейік, бүгін өңірде қар жауып жатыр. Петропавлда күндіз термометр бағаны -0 градусқа жетті.

Соңғы жаңалықтар