СҚО-да демалыс күндері 300-ге жуық адам коронавирус жұқтырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 4 айда 294 адам коронавирустан көз жұмса, 4 науқас демалыс күндері қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде өткен тәулікте 141 адам коронавирус жұқтырды. 13 қараша күні қауіпті инфекцияны жұқтырудың 157 жаңа жағдайы анықталды. Ал, қараша айы басталғалы 2 133 адам ауырған. Осылайша, облыс аурудың күнделікті таралуы бойынша елімізде көш бастап тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 677 адам ем алып жатыр, тағы 51-і жансақтау, 8-і карантин бөлімшелеріне орналастырылған. Жалпы жұқтырғандар саны 30 941 адамға жетті.

Қайтыс болғандар бойынша көрсеткіш де күнделікті өсіп келеді. Пандемия басталғалы өңірде 337 адам коронавирустан көз жұмды. «Дельта» штамм пайда болғалы өлім-жітім күрт өсіп, соңғы төрт айда 294 адам қайтыс болды. Олардың ішінде вакцина алған 11 адам бар. Ал демалыс күндері тағы 4 науқас көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар