+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да дәрігерлер өкпесінің 90% зақымданған әйелді аман-есен босандырып алды

2020 жылғы 3 тамыз 16:24
Бөлісіңіз:
СҚО-да дәрігерлер өкпесінің 90% зақымданған әйелді аман-есен босандырып алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер өкпесі қабынып, ауыр халде түскен жүкті әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Әзербайжан медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтты СҚО-да жедел жәрдем стансасының автопаркі 18 реанимобильмен толықты Коронавирус: Елордада 1500 медицина қызметкерінен кадрлық резерв құрылды

СҚО көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Юрий Белоног осы оңды оқиға жайында әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен бөлісті. Оның пікірінше, бұл – реаниматологтар мен акушер-гинекологтардың үлкен жеңісі.

«Сырқат бізге 1 қалалық ауруханадан түсті. Коронавирустың салдарынан екі өкпесі де қабынған әйелді операция арқылы босандырып алу керек болды.

Кесарь тілігі жасалып, операция нәтижесінде аман-есен босанды. Алайда сырқаттың жағдайы көпке дейін аса ауыр болды. Ол 23 тәулік бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Компьютерлік томография оның

өкпесінің 90% зақымданғанын көрсетті. Қазір жағдайы жақсарып келеді.

Үйіне шығуға, жаңа туған сәбиімен, туған-туыстарымен кездесуге дайындалып жатыр», - деп жазды Юрий Белоног.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны ұл босанды. Сәбиден қауіпті вирус анықталған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT