+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

СҚО-да дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының тұрақтандыру қоры ашылды

2020 жылғы 4 желтоқсан 17:43
Бөлісіңіз:
СҚО-да дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының тұрақтандыру қоры ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустан емдеуге қажетті медициналық препараттардың бағасын қалыпты ұстап, қажетті қорын қалыптастыру үшін тұрақтандыру қоры ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды сақ болуға шақырды Елордада COVID-19 індетінің өсуі байқалады Алматыда дәрігерлер қатерлі ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірін құтқарып қалды

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар бойынша тұрақтандыру қорының ашылуына байланысты брифинг өтті. Өңірде енді коронавирустан емделуге қажетті дәрі-дәрмекті нарықтағы бағадан 15-25 %-ке арзанға алуға мүмкіндік бар.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Жұмабек Елеусізовтің айтуынша, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен тұрақтаныру қорының бірыңғай операторы - «NordFarmMarket» ЖШС арасында келісім жасалды.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан несие алынып, бұл қаражатқа коронавирустан емдеуге қолданылатын медициналық препараттардың бағасын тұрақтандыруға, оның жеткілікті қорын қалыптастыруға қажетті іс-шаралар қолға алынбақ.

Денсаулық сақтау басқармасы короновирус инфекциясын емдейтін дәрі-дәрмектің тізімін жасаған. Оған 28 медициналық препарат кіреді. Ішінде вирусқа қарсы, дене қызуын төмендететін, бактерияға қарсы және антигистаминдік дәрілер бар.

«Бірыңғай оператор бүгіннен бастап осы тізім бойынша дәрі-дәрмекті сатып алып, қажет кезде дәріханаларда тапшылық тумауы үшін тұрақтандыру қорын жасайды. Бұл бағаны өсірмеу мақсатында да қолға алынған іс-шара», - дейді Жұмабек Елеусізов.

Облысқа тізімдегі 28 дәрі-дәрмектің 21-і жеткілікті деңгейде әкелінді. Қалған жетеуін алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Тұрақтандыру қорының дәрілері емдеу мекемелерінің жанындағы және облыстың басқа да дәріханаларында сатылады. Жалпы бізбен жұмыс істегісі келетін дәріханалар келушілердің назарына сарғылт түске дәрі-дәрмектің тізімі және бағасы жазылған қағазды көрінетін жерге іліп қоюы қажет. Тұрақтандыру қорының дәрісі нарықтағы бағадан анағұрлым арзан болады», - дейді «NordFarmMarket» ЖШС директоры Мұрат Жәкенов.

Бұл дәрілер бір қолға 5 данадан асырмай беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT