СҚО-да дала өртінің алдын алу жұмыстары басталып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында дала және орман алқаптары өртінің алдын алу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи байлықты өрттен сақтау үшін Төтенше жағдайлар департаменті мамандары қызу жұмыс үстінде. Күн жылынысымен дала мен орман-тоғайда өрт оқиғалары жиілейді. Мәселен былтыр жаз мезгілінде дала өртінің 14 дерегі тіркелген. Соның салдарынан орман мен жазық даланың 34 гектары отқа оранды.null

«Қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау үшін ТЖД, жергілікті полиция қызметі, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері арасынан облыстық және аудандық мобильдік топтар құрылды. Олар өртенген қураған шөптің бақылауда болуын және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалайды. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады»,- деп атап өтті СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.null

Қазіргі таңда өңірдің орман шаруашылықтарының 81 пайызы өртпен күрес құралдармен жабдықталған.

Мамандардың айтуынша, өрт көбіне жұрттың бейғамдығынан және қарапайым сақтық шараларын сақтамағаннан шығады. Мысалы құрғақ шөпті жағу кезінде арнайы қорғаныс жолақтары салынбайды екен.

«Биыл әзірге дала өрті тіркелген жоқ. Төтенше жағдай мамандары облыс бойынша алдын-алу шараларын ұйымдастыруда, ауыл шаруашылық құрылым басшыларымен кездесіп жадынамалар таратудамыз. Сонымен қатар, халықпен кездесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде 4 топ құрылып, табиғат ресурстары басқармасы мамандарымен бірге облысты аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша тексеріс жүргізілуде», - деді Нұрлан Атығаев.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, облыстық әкімдікке 434 мың гектар орманды дала және 100 мың гектар «Көкшетау» табиғи ұлттық паркі қарайды екен.

null

Соңғы жаңалықтар