СҚО-да COVID-19 жұқтырған 7 адамның үшеуі аудандарда, біреуі облыс орталығында анықталған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырған тағы 7 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Тайынша ауданында-2, Қызылжар ауданында-1, Петропавл қаласында - 4 науқас тіркелген. Оның 2-і ауру жұқтырған пациенттермен байланыста болғандарды тексеру барысында анықталды.

Қазіргі уақытта пациенттер оқшауланған және ем алуда.

Осы азаматтармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда өңірде коронавирус індетімен жалпы 18 адам тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін өңірде бес жасар балада коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар